Жарқын Түсіпбекұлы БҚО әкімінің баспасөз қызметіне барды

/uploads/thumbnail/20170708233002346_small.JPG

Саясаттанушы, «Нұр отан» партиясы қоғамдық-саяси институты мониторинг қызметінің басшысы бүгіннен бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы болып қызметке кірісті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Бұл ақпаратты «Нұр отан» партиясы баспасөз қызметінің консультанты Жандос Байділда растап отыр.

Жарқын Түсіпбекұлы 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған. Саясаттану магистрі.

Қатысты Мақалалар