Елбасы алдағы аптада Иран, Түркия, Өзбекстанға барады

/uploads/thumbnail/20170708233308337_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 11-15 сәуір аралығында бірнеше шет мемлекеттерге сапар шегеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«11-12 сәуір күндері Нұрсұлтан Назарбаев Хасан Руханидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына барады. Онда мемлекет басшылары 2014 жылдың қыркүйегінде Астанада жасалған келісімдердің орындалу барысын сөз етеді. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, инвестициялық, ауылшаруашылық, көлік-транзиттік саладағы әріптестік пен халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері сөз болады», - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

13-14 сәуір күндері Президент Н. Назарбаев Түркияға барып, Ислам ынтымақтастық ұйымының ХІІІ Саммитіне қатысады. Сапар барысында Елбасы Ережеп Ердоғанмен, түрік кәсіпкерлерімен кездеседі деп күтілуде.

Өзбекстанға Елбасы 15 сәуір күні соғады. Онда мемлекет басшысы Ислам Кәрімовпен кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастың негізші мәселелерін талқылайды.

Қатысты Мақалалар