Армения Ресейден тезірек қару жіберуді сұрады

/uploads/thumbnail/20170708233306462_small.jpg

Армения премьер-министрі Овик Абраамян ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевтен әскери өнімдерді жеткізу жөніндегі келісімге тезірек қол қоюды сұрады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Лента.ру-ға сілтеме жасап.

Абраамян Ресейге қару алу үшін несие бөлгендігі үшін ризашылық білдіре отырып, қару-жарақ жеткізу жұмысын жылдамдатуды сұраған.

«Келісімге отыру барысында бірқатар кешеуілдеулер болып жатыр, сондықтан Сізден «Рособоронэкспортқа» тиісті нұсқау беруіңізді сұраймын», - дейді ол.

Бұған дейін Әзербайжан тарапы Арменияға қару-жарақ пен әскери техника сатып алу үшін 200 миллион доллар несие ьергені үшін Ресейге қарсылық нотасын жолдаған еді.

Естеріңізге салсақ, 18 ақпанда Мәскеу Ереванға 200 млн доллар көлемінде 10 жыл мерзімге мемлекеттік несие беріп, оны төлеу уақытын 2018 жылға шегергенін мәлімдеген еді.

Ол қаражатқа Армения «Смерч» реактивті жүйелері мен оның оқ-дәрілерін, «Игла» щениттік-зымырандық кешендерін, тағы басқа қару-жарақ пен оқ-дәрі, әскери техника алуды көздеп отыр.

Қатысты Мақалалар