Әлібек Асқар – Журналистика академиясының академигі

/uploads/thumbnail/20170708233403402_small.jpg

Қазақ әдебиеті мен көсемсөзіндегі сафари жанрының жолашар өкілі, жазушы, Ұлттық кітапхананың Бас директоры Әлібек Асқар Журналистика академиясының академигі атанды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Қазақстан журналистерініңбасын біріктіретін академия отандық журналистиканың дамуына үлес қосқан тұлғаларды мүшелікке қабылдауды дәстүрлі түрде жүргізіп келеді.

Жазушы Әлібек Асқардың сапарнамалық очерктері мен жолжазба жанрындағы туындылары оқырманға кеңінен таныс. Әсіресе, әлемдік әдебиеттегі сафари жанры үлгісінде жазылған «Аңшылар хикаясы» топтамасы, «Мұзтау», «Көккөл», «Марқакөл-Шанағаты немесе Қазақстанның ең суық нүктесіне сапар» сияқты жазбалары қазақ оқырмандарының іздеп жүіріп оқитын туындыларына айналды.

Қазақстанның Журналистика академиясы жазушының осы еңбегін бағалап, оны академияның толық мүшесі етіп қабылдады. Арнайы диплом мен куәлікті акадамия президенді Сағымбай Қозыбаев тапсырды.

Қатысты Мақалалар