Таулы Қарабақ мәселесіне орай Путин Қазақстан басшысына телефон соқты

/uploads/thumbnail/20170708233407824_small.jpg

РФ президенті В. Путин Таулы Қарабақтағы жағдайға орай Қазақстан басшысына телефон соқты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Кремль сайтына сілтеме жасап.

«Әңгіме барысында екі ел басшысы Таулы Қарабақ төңірегіндегі оқиғаға қатысты пікір алмасқан. Қазақстан басшысының жақында Армения мен Әзербайжан президенттерімен телефон арқылы әңгімелесуі де назардан тыс қалмады», - деп жазады Кремль сайты.

Өз кезегінде В. Путин осы мәселені реттеуге байланысты Ресей тарапынан істеліп жатқан жұмыстар туралы айтқан.

Бұдан бөлек, екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынас, Еуразиялық экономикалық одақ ұйымының жоғары деңгейлі кездесулері әңгімеге арқау болған.

Қатысты Мақалалар