Қазақстан Бас ппрокуратурасының хабарлауынша 2015 жылы осынша адам өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Өз-өзіне қол жұмсағандардың 201-і кәмлеттік жасқа толмағандар болса, 485-і жасөспірімдер екен.
«2015 жылы республика бойынша 3735 адам суицид жасаған. Олардың 201-і – кәмлеттік жасқа толмағандар», - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.
Прокурорлардың хабарлауынша, жүргізілген талдаулар өз өзіне қол жұмсаған кәмлеттік жасқа толмаған балалардың 32 пайызын мұндай әрекетке отбасылық кикілжіңдер, 2,9 пайызын жалғыздық, 6,9 пайызын туыстармен болған келіспеушіліктер итермелегенін көрсеткен.
Статистикалық деректер 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің суицидке бейім екендігін көрсетіп отыр. Өз-өзіне қол жұмсағандардың 60 пайызы осы жастағылар көрінеді.
Бас прокуратура сондай-ақ, 2015 жылы кәмлеттік жасқа толмағандар арасындағы суицид саны 2014 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға өскенін (192-ден 201-ге) хабарлап отыр.