Елбасы Жарлығымен Ішкі істер және Әділет вице-министрлері тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170708233419527_small.jpg

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ішкі істер министрі мен әділет министрінің орынбасарлары тағайындалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ішкі істер министрінің орынбасары болып Ильин Юрий Викторович, Әділет министрінің орынбасары болып Ешмағамбетов Жанат Болатұлы тағайындалды», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Юрий Ильин 1968 жылы дүниеге келген. 1989 жылы Алматы жоғары әскери командалық училищесін тәмамдаған. Соңғы атқарған лауазымы – ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

Жанат Ешмағамбетов 1970 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды облысы Саран қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Тау-кен инженері-технолог» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған дейін ҚР Әділет министрлігі сот актілерін орындау Департаментінің директоры лауазымында болған.

Қатысты Мақалалар