Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка қаласына баратын жол еріген қар суының астында қалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Оқиға куәгері Рүстем Тәуекеловтің айтуынша, Шал ақын елді мекеніне дейінгі жолдың біраз бөлігін су басқан.
«Былтыр мұндай болмаған. Ол кезде су көтерілгенімен жолдың үстін баса қоймаған еді. Биыл трассаның ұзындығы 10 метр шамасындағы бірнеше бөлігін су басып отыр. Құтқарушылар қазір тиісті жұмыстар жүргізуде», - дейді ол.
Төтенше жағдайлар комитетіндегілер Петропавл-Жезқазған автожолының 780-шақырымын су басып қалғанын хабарлады.
«Су астында қалған жолдың ұзындығы 10 метр, су тереңдігі 10-15 сантиметр», - делінген ТЖК таратқан хабарламада.
Әлеуметтік желілерде СҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шыңыс Қазақстан облыстарындағы су астында қалған елді мекендерден түсірілген видеолар көптеп тарауда.