А. Мұхамедиұлы өзі қол қойған бұйрықтағы қатені компьютерден көрді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708233433668_small.JPG

Мәдениет министрі 53 қате шыққан бұйрықтағы жаңылыс менен емес деп ат тонын ала қашты, - деп хабарлайды 31-арна.

Әлеуметтік желіде еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қол қойған 4 беттік бұйрықтан 50-ден астам грамматикалық қате шыққан болатын. Осы оқиға әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарында қызу талқыға түсті. Бұйрықта тек грамматикалық қана емес, стилистикалық қателердің де жоқ еместігін айтуда желі қолданушылары.

Алайда, мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы бұйрыққа өзі қол қойған кезде ондай қате болмағанын, тек оны қабылдап алған мекеме дайын бұйрықты компьютерге көшіреміз деп бәрін құртқанын айтып, кінәні Әділет министрлігіне қарасты ақпарат орталығына аудармақ болған. Ал, ондағылар, бұйрықтың өздеріне қалай келсе, солай сканерленетінін, ал PDF форматта келетін электронды нұсқасына ешқандай редакциялау жүргізбегендерін айтып отыр.

«Ал, жұрттың ашуына ілінген бұйрық "Әділет.заң" сайтында әлі тұр. Қатеден көз ашпаған құжатты алып тастаған да, түзеткен де ешкім жоқ. Тек мәдениет министрлігі шулы оқиғадан кейін құжаттың қатесіз түпнұсқасын өз сайттарына жүктеп қойған», - деп хабарлайды телеарна.  

Қатысты Мақалалар