Түркменстан басшысы үш министрін жұмыстан қуды

/uploads/thumbnail/20170708233437559_small.jpg

Түркменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов жұмыстарындағы елеулі кемшіліктер үшін үш бірдей министрін жұмыстан қуды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Жұма күні Түркменстанның экономика және даму министрі Елдаш Шерипов, сауда және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Баяр Абаев пен салық қызметінің басшысы Шаттық Хуммедов қызметінен кетті. Олардың қызметтен босайтынын Қ. Бердімұхамедов бірінші тоқсандағы жұмысты қорытындылаған үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Е. Шерипов 2015 жылдың шілдесінен, Б. Абаев 2010 жылдың ақпанынан, Ш. Хуммедов 2014 жылдың қаңтарынан бері аталған лауазымдарды атқарып келгенін айта кету керек.

Қатысты Мақалалар