Қызыл теңізде Африка мен Азияны жалғайтын көпір салынады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708233539169_small.jpg

Каирге бес күндік сапармен барған Сауд Арабиясының патшасы мен Мысыр президенті Қызыл теңіздің үстімен екі елді қосатын көпір салу жөнінде келісімге қол қойды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24.kz – ке сілтеме жасап.

Патша Салманның мәлімдеуінше, көпірдің салынуы бұрыннан одақтас екі мемлекет арасында сауда қатынастарының дамуына септігін тигізеді.

Сондай-ақ, екі мемлекет басшылары түрлі салалардағы бірлескен 15 жобаны дамытуға келіскен. Қызыл теңіз үстімен екі құрлық – Африка мен Азияны жалғайтын көпір салу осыдан 30 жыл бұрын ұсынылған екен. Бірақ осы күнге дейін бұл жоба іске аспай келді.

Қатысты Мақалалар