Хельсинкидегі перзентхананың төрт акушері түнгі кезекшілік кезінде азоттың шала тотығын қолданып, одан кейін әйелдерді босандыруға көмектескен, - деп жазады ҚазАқпарат YLE телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.
Финляндия астанасындағы Kätilöopisto ауданындағы перзентханада тұрақты келісімшарт бойынша жұмыс істейтін екі акушер әйел қызметтен шығарылды. Бұған дейін ауруханада тағы да екі акушердің уақытша еңбек келісімшарты ұзартылмайтыны хабарланды.
Дүйсенбі күні Kätilöopisto ауруханасы төрт акушер әйелдің кезекшілік кезінде «көңіл көтеретін газды» қолданып, одан кейін жүктілерді бала босандырғаны туралы хабарлаған болатын.
«Аурухана бұл өте күрделі жағдай деп санап, басқа амалымыз болмады. Біз осылай болғанына өкініш білдіреміз», - деп мәлімдеді аурухананың бас дәрігері Мика Нуутила.
Акушер әйелдерге қатысты қандай да бір басқа жаза қолданылмайды. Дәрігердің айтуынша, мұндай оқиғалар бұрын орын алмаған. Ол газ иіскеген акушерлердің пациенттер қабылдауы олардың өміріне қауіп төндіргенін атап өтті.
«Абырой болғанда, ештеңе болған жоқ. Аналар да, балалары да дін аман», -деді ол.