Ресейден ұрланған көлік Сайрам ауданынан табылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
8 сәуірд күні ОҚО-ның Сайрам аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне, аудандағы сауда нүктелерінің біріне белгісіз адамның автокөлік қосалқы бөлшектерін өткізгені туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі өкілдерінен құралған жедел-іздестіру тобы, 1979 жылы туылған жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстады.
Тексеру жұмыстары кезінде, тәртіп сақшылары күдіктінің үйінің ауласынан құжаттары және мемлекеттік нөмірі жоқ, бөлшектелген маркасы «КИА РИО» автокөлігін анықтады.
Автокөліктің сәйкестендіру нөмірін ҚР ІІМ-нің мәліметтер қорынан тексергенде анықталғаны, 2015 жылы Ресей Федерациясының Самара облысынан ұрланып, содан бері халықаралық іздеуді жүрген автокөлік болып шықты, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
Автокөлік ақылы айыптұрыққа жетикізілді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді. Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.