Перуде автобус құзға құлап, 23 адам мерт болды. Тағы 30-ға жуық жолаушы жараланған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Куско провинциясында болды. Автобустағы жолаушылардың барлығы да сол өлкенің тұрғындары екен. Әзірге жол апатына не себеп болғаны белгісіз.
Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші таулы жердегі бұрылыстарда автобус тізгініне ие бола алмай, Мапачо өзеніне құлаған. Қазір оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр.