Елбасы Иран Президенті Хасан Руханимен кездесті

/uploads/thumbnail/20170708234209205_small.jpg

Елбасы Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Қорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі ел көшбасшылары Х.Руханидің Астанаға 2014 жылғы қыркүйектегі мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы және көлік-транзит саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін де қозғады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Х.Рухани өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті еліміз Иранмен әрдайым достық қарым-қатынаста болғанына назар аударды.

Х.Рухани Нұрсұлтан Назарбаевтың Тегеранға бүгінгі сапары Қазақстан-Иран ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді. 

Қатысты Мақалалар