Балуан Шолақ мұрасын дәріптейтін кеш өтпек

/uploads/thumbnail/20170708234210971_small.jpg

20 сәуір күні «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Балуан Шолақ Баймырзаұлының жеке шығармашылығынан дәстүрлі ән кеш өтеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

 «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры 2010 жылдан бері дәстүрлі ән-күй кештерін ұйымдастырумен келеді. Біржан сал (2010), Ақан сері (2010), Мұхит (2011), Үкілі Ыбырай (2012), Жаяу Мұса (2013), Сәкен Сейфуллин (2014) әндерінен жеке-жеке концерттер, Тәуелсіздік жолында құрбан болған композиторлар шығармашылығы бойынша «Азат рухтың алдаспандары» (2012) концерті, жылқы туралы әндер мен күйлерге негізделген «Дүлдүл ән мен пырақ күй» (2014) атты концерттер соның дәлелі.

«Ұлы дала дауылпаздары» жобасының аясында, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры 2016 жылы, 20 сәуір күні Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Балуан Шолақ Баймырзаұлының жеке шығармашылығынан дәстүрлі ән кешін өткізуді жоспарлап отыр» делінген бірлестік таратқан хабарламада.

Концертте Балуан Шолақ өмірінен қысқаша қойылым көрсетіледі. Белгілі режиссер Есмұқан Обаевтың «Жаужүрек» спекталінен үзінді берілмек. Сахна көркем Көкшетаудың әсем табиғаты үлгісінде безендіріледі. Концерттің тағы бір басты ерекшелігі – Балуан Шолақ бабамыздың мүлде беймәлім әндері тұңғыш рет үлкен сахнада орындалатын болады. Ән кешіне Ғалым Мұхамедин, Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Еркін Шүкіманов, Тілеулес Құрманғалиев, Еркін Нұрханов, Талғат Мұқышев, Саян Ақмолда, Нұргүл Әкімқожина, Талғат Әбуғазы, «Арнау» фольклорлық ансамблі, Саят Нұрғазин, Жасұлан Сақаев және тағы басқа өнерпаздар қатысады. 

Ұйымдастырушылардың байланыс телефоны: 87007779086, Жоламан Құжиманов 87773661210, Ерлан Төлеутай 87013249471

Эл.пошта: adyrna@bk.ru

Қатысты Мақалалар