Сноубордшы қызды аю қуды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708234329207_small.jpg

Жапониялық Хакуба 47 курортында демалған  сноубордшы Келли Мерфи таудан түскенде аюдың құрбаны бола жаздады, - деп жазады ҚазАқпарат Росбалтқа сілтеме жасап.  

Мерфи айтқандай, таудан түсіп келе жатқанда  құлаққаппен Рианнаның әнін тыңдап, өзі де дауыстап орындап, соңына түскен жыртқышты байқамай қалған.  Қыз түсірілген роликті қарағанда ғана соңынан аюдың қорбаңдап қуып келе жатқанын көрген.

«Түсірілген видеоны қарап жатқанда аюдың қуғанын көрдім. Бұл кеше Жапонияда „Хакуба 47" курортында болды! Абай болыңыздар!» - деп жазды Мерфи. 

Қатысты Мақалалар