Бүгінде ислам атын жамылып, елге дін таратумен ерінбеген адамның бәрі айналысатындай. «Таза исламды таратамыз, тауһидке шақырамыз» дейтін ондайлардың кейбірінің қандай «дінді» таратып жатқанын Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының имамдары мен ғұламалары ашық айтып жүр.
Олар Сирия асып, жат елде қаза тауып жатқан бауырларымыздың адасуына да осындай «таза дін таратушы», саляфизм ұстанушылары себепкер екенін айтады.
«Өздерін саляфпіз деп жүргендер бүгінде тікелей сол жиһадшыларға жастарымызды дайындап беріп отыр. Олар өздері бұл туралы ештеңе айтқан жоқпыз деп ақталса да, Сирияға кетіп жатқандар тікелей осы саляфия ағымын насихаттаудың жемісі», - дейді Алматыдағы «Әскер Ата» мешітінің бас имамы Батырбек Базарбекұлы.
Толығырақ төменде ұсынылатын бейнероликтен көре аласыздар.