Қытайға аюдың табанын алып өтпек болған

/uploads/thumbnail/20170708234408598_small.jpg

Қазақ-қытай шекарасында аю табандарын алып өтпе болған адам ұсталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

ШҚО Мақаншы ауданындағы «Бақты» шекара бекетінің шекара жасағы Қытайға жаяу кетіп бара жатқан 45 жастағы ел заматын ұстаған. Оның қол жүктерінің ішінен аюдың табандары табылған.

«Шекара жасағы жоғалып кету қаупі бар және сирек кездесетін жануарды заңсыз қорлаған азаматты ұстады. Ол Қытайға шекараны жаяу кесіп өтпек болған», - делінген ҰҚК ШҚ Баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шекарашылар ұсталған заң бұзушыдан қанша аюдың табанын тәркілегенін ашып айтпай отыр.

Осы іс бойынша құқыққорғау органдары тергеу жұмыстарын бастап кеткен.

Қатысты Мақалалар