Әлеуметтік желіде полиция көлігіне белгісіз азаматтың белгісіз затты салып кеткен сәті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Видеода ЖПП тоқтатқан көліктен түскен азаматтың арнайы көлікке келіп, есігін ашып, оның орындығының астына белгісіз затты салып кеткені анық көрінеді. Аталған жүргізуші кетіп қалған соң, көп ұзамай полиция қызметкерлері де ол жерде көп аялдамады.
Желіде аталған оқиға 10 сәуір күні Қостанай қаласындағы Дзержинский көшесінің бойында болғаны айтылуда.