«ЭКСПО-2017» нысандарының жоспарын Гитлер сәулетшісінің ұлы жасаған

/uploads/thumbnail/20170708234418457_small.jpg

«ЭКСПО-2017» нысандарының жоспарын Гитлер сәулетшісінің ұлы жасаған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы informburo.kz – ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияев және бір топ азаматқа қатысты өтіп жатқан сот отырысында «Корпорация К» АҚ-ы басқарма мүшесі Шоқан Матайбеков мәлімдеген.

«Мен осы жобаны жасауға тартылға шетелдіктердің үнемдеу мен қолайлылыққа мән бермегеніне наразы болдым. Бұған әлемнен 25 адам тартылды. Олар танымал, ұлы сәулетшілер. Әрқайсысына 100 мың доллардан бөлінді. Ал, жергілікті сәулетшілерге жобалардың әзірлігіне бастамашылдық тұрғыда ғана қатысуға мүмкіндік берілді», - деген Ш. Матайбеков сәулетшілердің бірі Гитлердің жеке сәулетшісінің ұлы екенін айтып салыпты.

«Альберт Шпеер - танымал тұлға. Ол әлем астанасы атанған Берлиннің жоспарын жасаған. Ал, кіші Шпеер мұнда қалай тап болғаны түсініксіз. Оған жобаның тестілік нұсқасына тапсырыс берілді, ал, конкурстың басқа орындаушылары соның жұмысын аяғына дейін жеткізуге тиіс болды. Барлық 25 адам кіші Шпеердің идеяларын аяғына дейін жеткізумен айналысты. Ал, оның "Мұнайдың соңғы тамшысы" идеясы – толықтай абсурд», - дейді Ш. Матайбеков.

Қатысты Мақалалар