Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Моңғолияның Борт багийн Үзүүрт гялан елді мекеніндегі көне қорымдардың бірінен 1500 жыл бұрын жерленген мумия табылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы CA-NEWS - ке сілтеме жасап.



Ғалымдар мумия мен оның айналасынан табылған заттардың б.з.б 552-745 жылдарға тиесілі екенін айтуда. Қорымнан ер тоқым, жүген, құмыралар мен түрлі ыдыстар сынды тұрмыстық бұйымдар, аттың сүйегі табылған.
Табылған мумия Түркі аруының мүрдесі деген болжам айтылуда.