Астанада көліктердің «VIP» нөмірлері жалған түбіртекпен сатылып келген (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708234441114_small.jpg

Астанадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында алаяқтар көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің «VIP» үлгілерін арзан бағаға сатып келген. Қазір полиция алаяқтардың қызметін пайдаланған азаматтардың нақты санын анықтауда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, үш бірдей сандардан тұратын көлік нөмірлерін алаяқтар жалған түбіртектер арқылы сатып келгенін хабарлап отыр.

Жалған құжат жасауды ерлі-зайыпты екеу бірнеше ай бойы табыс көзіне айналдырып келген. Олар сол ХҚКО ғимаратының ішінде қолға түскен.

Қылмыскерлерді құрықтау операциясы ол екеудің бірнеше сыбайласы болғанын анықтап отыр. Ұйымдасқан топ әдетте 500000 теңгеге сатылуы тиіс «001», «777», «999» сынды нөмірлерді жалған түбіртек жасау арқылы азаматтарға арзан бағаға сатып келген.

Арна былтыр ХҚКО жеті жүзден астам осындай көлік нөмірлерін сатқанын, олардың қаншасы жалған түбіртекпен сатылғаны белгісіз деп отыр.

Елді алдаған екеу үйде отырып «VIP» нөмірлердің құжаттарын қолдан жасап келген. Ал, сыбайластары қымбат нөмір алғысы келетін клиенттерді тауып беріп отырған.

Қатысты Мақалалар