Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің төрағасы ағасының премьерлікке ұсынылуына байланысты өз лауазымынан бас тартты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Қырғыз елінің Жоғарғы кеңес төрағасы Асылбек Жээнбеков өз лауазымын тоқтататыны туралы мәлімдеме жасады. Парламент жетекшісі бұл шешімін туған ағасы Соорынбай Жээнбековтың Премьер-министр лауазымына ұсынылуымен байланыстырып отыр.
«Президенттің сенім білдіруімен және депутаттардың қолдауымен мен екі мәрте парламент спикерлігіне сайландым. Менің туған ағамның кандидатурасы премьер-министр лауазымына қарастырылуына байланысты өз еркіммен Жоғарғы кеңес төрағалығынан бас тартамын», - дейді А. Жээнбеков.

Премьер-министрлікке үміткер Соорынбай Жээнбеков.
Енді Жоғарғы кеңес депутаттары жаңа премьердің кандидатурасын бекітумен қатар, парламенттің жаңа төрағасын да анықтайтын болды.