Жол талғамайтын К-700 тракторы Қостанай көшелеріндегі балшықтың алдында қауқарсыз болып шықты. Облыс орталығында көше тазалап жүрген алып трактор батпаққа батып қалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Әлеуметтік желілерде атақты К-700 тракторының балшыққа батып жатқан сәті түсірілген видео тарауда. Видеоға қарағанда трактор тас жолдан шығып кеткен де, жол жиегіндегі батпаққа сүңгіп кеткен сияқты.
Пікір қалдыру