Фейсбук әлеуметтік желісінде Айнұржан Жақып деген қолданушы жариялаған видеода Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны делінген қарт апаның Елбасыдан көмек сұраған сәті түсірілген.
Онда кейуана Шымкенттің Қайтпас ықшам ауданындағы №72 мектепте оқитын немерелері үшін алаңдайтынын айтады.
Видео авторы: «Мектепке барып-келу тым қиын..оған орай,трасса бойында орналасқан мектептен, (Қайтпас ш/ауданы, 72-ші мектеп) немерелерін күнде күтіп алады.Сексен екі жас оңай ма, алқымдап жүгіріп жетемін дегенше, балалар автобуспен келіп қалад, немерем үшін қорқамын, трассадан өзім өткізбесем болмайды дейді» деген жазба қалдырған.