Теміржол билеттері қымбаттайтын болды

/uploads/thumbnail/20170708235053682_small.jpg

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы теміржол билеттерінің қымбаттайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі құлақтандыруы негізінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ пайдалану шығындар бағасының өсуіне байланысты және шығындарды азайту мақсатында теміржолда жол жүру билеттерінің 2016 жылғы 25 сәуірден бастап қымбаттайтынын хабарлайды: облысаралық қатынас жолдарында теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдау барлық типтегі вагондар үшін 10 пайызға қымбаттайды», - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Компания бұған дейін тарифтің 2014 жылы 1 қаңтарда 7 пайызға көтерілгендігін де жасырмаған.

Ал, «Тұлпар-Тальго» пойыздарының билеттерін сатудағы арнайы тарифтер өз күшінде қалады.

Қатысты Мақалалар