Балконнан секірмек болған жігіт жерге түсірілді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708235716166_small.jpg

Қарағандыда көп қабатты үйдің балконынан секірмек болған жігітті құтқарушылар жерге түсірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Құқыққорғау органдарын әбігерге салған азаматты полиция пәтер ұрлығына қатысы бар деп хабарлаған болатын. Облыстық ІІД таратқан хабарламаға сай, екі сыбайласын полиция ұстағанда бұл жігіт балконға шығып кеткен көрінеді.

Құтқарушылар үйдің төбесінен арқанмен түсіп, секірмек болған жігітті құтқарып қалды.

 

Қатысты Мақалалар