Есірткімен ұсталған «Эйр-Астана» ұшқышы ұшар алдында марихуана шекпегенін айтып отыр

/uploads/thumbnail/20170708235737199_small.jpg

Ұшақтан түсе сала марихуанамен ұсталған ұшқыш Роман Быков сотта өзіне тағылған айыптардан бас тартып, ұшар алдында есірткі пайдаланбағанын айтуда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Оның айтуынша, полиция тұтқындаған сәтте қалтасында шынымен марихуана болған. Алайда, ол есірткі затын ұшақ трапынан тауып алған. Сондай-ақ, ұшқыш ең алғаш рет есірткіні 2015 жылы пайдаланғанын, содан бері тұрақты түрде марихуанамен әуестеніп жүргенін де жасырмаған.

«Менің қалтамда шамалы мөлшерде марихуана болды. Оны мен рейстен соң ұшақ трапынан тауып алдым. Мен есірткіге мас күйімде ұшақ басқарған жоқпын. Ондай айыппен үзілді-кесілді келіспеймін. Менің кіші дәретімнен каннабиноид аныұталды. Мен бірақ, марихуананы ұшардан бір апта бұрын, жұмыстан бос кезде пайдаландым», - дейді Р. Быков.

Естеріңізге салсақ, наурыз айының басында Мәскеуден Алматыға ұшып келген «Эйр-Астана» компаниясының ұшқышынан марихуана тәркіленіп, қанынан да есірткі тұтыну белгісі анықталған болатын.

Бұған дейін тергеу кезінде Р. Быковтың басқаша түсінік бергенін ескеру қажет. Ол осыған дейін құқыққорғаушыларға марихуананы Алматыда сатып алғанын, содан қалтасында ұмытылып қалғанын айтқан болатын.

Сондай-ақ, ол заңдар мен тиісті ережелер ұшарға 48 сағат қалғанға дейін есірткі пайдалануға рұқсат берілгенін айтып, құқыққорғаушылармен дауласқан.

Қатысты Мақалалар