Маңғыстаулық бойжеткенді әлеуметтік желіде танысқан жігіт зорлап кеткен

/uploads/thumbnail/20170708235726652_small.jpg

Маңғыстаулық полицейлер «Әйел зорлады» деген айып бойынша 26 жастағы жігітке қарсы қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы halyknews.kz – ке сілтеме жасап.

Құзырлы орындардың мәлімдеуінше, бұл оқиға өткен аптаның аяғында, Мұнайлы ауданында орын алған. Басқұдық ауылында тұратын 26 жасар бойжеткен, таныстық сайттары арқылы бір жігітпен танысады. Ол кейіннен әлгі жігітпен кездескенін, сол кезде оның өзін зорлағанын айтып, полицияға шағымданған.

Жәбірленуішінің сөзіне қарағанда, Берік есімді жігіт онымен кездесуге  «Лада» автокөлігін мініп келген де, сол көліктің ішінде, оның абыройын төккен.

Осы факт бойынша, Бейнеуде тұратын 26 жасар жігіт ұсталды. Ол жаңа танысы екеуінің арасында интимдік қатынас болғанын жоққа шығармайды. Бірақ өзінің зорлық жасамағанын, бәрі қыздың ықтиярымен болған іс екенін айтып отыр. Енді істің ақ-қарасын тергеу анықтайды.

Қатысты Мақалалар