Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сотталушы Ж.У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Іс құжаттарынан анықталғандай, сотталушы Ж.У. арақ ішкен мас күйінде өзінің туған інісімен сөзге келіп қалып, «мен сені өлтіремін» деп стол үстіндегі асхана пышағын сол қолына алып, денсаулыққа қасақана «ауыр» зиян келтіру мақсатында пышақты туған інісінің денесінің сол жақ кеудесінің тұсына бір рет ұрып, тығып алған.
"Сот үкімімен Ж.У. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған осы бап бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды",- делінген Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.