Ұлықпан Жолдасовтың концертіне арналған билеттер ұрланды

/uploads/thumbnail/20170708235803074_small.jpg

Танымал сазгер, әнші Ұлықпан Жолдасовтың 1 мамырда Республика сарайында өтетін концертінің билеттері ұрланды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы baistars.kz – ке сілтеме жасап.

Концерт ұйымдастырушылары мен Жолдасовтар отбасы енді концертке келетін көрерменнен билетті енді қолдан емес, Республика сарайының кассасынан және kassir.kz сайтынан сатып алуды сұрап отыр.

Сонымен қатар, Ұлықпан Жолдасовтың жұбайы Айған Жолдасова өзінің инстаграм парақшасында билеттің ұрланғанын растады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлықпан Жолдасов мерейтойлық концертін ақпан айында Астана қаласында өткізді. Ал, 1 мамыр күні Алматыда жаңа бағдарламамен екінші кешті өткізуді жоспарлап отыр. Концертке МузАрт тобы, Мәдина Садуақасова, Жігіттер тобы, Әлішер Каримов, Төреғали Төреәлі және өзге де өнер жұлдыздары қатыспақ.

Қатысты Мақалалар