Головкин допинг тестілеуінен өтті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709000335001_small.jpeg

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық Доминик Уэйдпен (18-0, 12 КО) жекпе-жегінің алдында допинг тестілеуінен өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты ашық жаттығу кезінде қазақстандықтың бапкері Абель Санчес жеткізді. "Оны (Головкинді) бірнеше күн бұрын тексерген. Ол көптеген тынымсыз жаттығудан күш алады", - деп мәлімдеді бапкер.

Головкин мен Уэйдтің ашық жаттығуы Лос-Анджелесте өтті. Боксшылар рингке Астана уақыты бойынша 24 сәуірде шығады. Жекпе-жекті "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кешінің трансляциясы Астана уақыты бойынша 07.20-да басталады.
Головкин WBA титулын осымен 16-шы рет, IBO титулын 13-ші рет, WBC (Interim) титулын төртінші рет және IBF титулын бірінші рет қорғап қалуға ниетті.

Қатысты Мақалалар