Аудан әкімінің өліміне қатысы бар күдікті сотқа ерекше киіммен келді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709000336157_small.jpg

Өскемен сотында дресс-қод процеске қатысушылар үлкен дау тудырды, -  деп хабарлайды «Қамшы» порталы 31-арнаға сілтеме жасап. Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітовты өлтірді деп айыпталушылардың бірі үстіне «Кінәсізбін!» (Невиновен) деген жазуы бар футоболка киіп келуі прокурорлардың наразылығын тудырды.

Қазір шенеунікті өлтірген деп ШҚО-ның төрт тұрғыны айыпталуда. Олардың бірі кезекті сот отырысының біріне «Невионмен» деген жазуы бар футболка киіп келіп, оған прокурорлар бірден шамданды.Олар ер адамнан киімін ауыстыруды талап етті, алайда судья киім таңдау құқығын қалдырып, істі әрі қарай жалғастырды.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО, Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітов 2015 жыдың 14 маусымында кісі қолынан қаза болған. Марқұмның жарақат іздері бар денесі өз үйінен табылған болатын.

Алтайбек Сейітовты өлтіруі мүмкін деген күдіктілер 2015 жылдың желтоқсанында ұсталған. Тергеу ісінен белгілі болғандай, шененунікті арнайы тапсырысспен өлтірген. Ол үшін тапсырыс беруші 5 жылқы беруге уәде берген екен.

Қатысты Мақалалар