Атыраулықтар әкімдік рұқсат бермесе де жер сатылмауын талап етіп алаңға шықпақ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709000338001_small.jpg

Атыраулық белсенділер жер сатуға қарсы Исатай-Махамбет алаңында бейбіт шеру өткізуге қала басшылығынан рұқсат сұраған. 24 сәуір күні өтуі тиіс митингке Атырау басшылығы рұқсат бермеген. Қала тұрғындары соған қарамастан ереуілге шығу ниетінен бас тартпаған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 31-арнаға сілтеме жасап.

Қазақтың кең-байтақ жері  сатылымға шығарылып, талан-таражға түседі дегенге қарсылық білдірген Атырау халқы 24-ші сәуір күні   жаппай жиналып, митингке шықпақшы. Тіпті белсенділер алдын-ала қалалық әкімдікке хат жазып, Исатай мен Махамбет алаңын беруді сұраған. Белсенді топ  жоспарларының барлығын  әлеуметтік желідегі парақшаларына   жазған.

ӘСЕЛ НҰРҒАЗИЕВА, құқық қорғаушы:

 -Енді біздер жерімізді өзіміз ала алмай жүрміз. Өз басыма келсек, 12 жыл бойы бір құйтақандай өзім жерімді өзім ала алмай жүрмін. Біздер енді оны шетелге сатамыз дегенде сонда қазақтарымызға не қалады?

Алайда жердің сатылуына қарсылық білдірмек ниетте арнайы жиын өткізбек болған белсенділерге қалалық әкімдік рұқсат бермеді. Нақтысы, Исатай мен Махамбет алаңы митингке арналмағандықтан, рұқсат бере алмаймыз деген. Ал белсенділер бейбіт митинг өткізуге басқа жер беру туралы ұсыныс тастады, болмаса қаладағы бас алаңға шығамыз деп отыр.

Ал, Атырау маңында көзге түскен әскери техникалар митинг жоспарлап отырған өңір халқын біраз шошытты. Мұны жұрт, бейбіт митинг өткізбек болғандарды сабасына түсіру үшін әкелінді деп жобалады. Алайда, жергілікті басылымдардың біріне жауап берген  Батыс өңірлік әскери прокурорының орынбасары Думан Әбеуов: «Атырау облысының аумағында орналасқан әскери бөлімдердің әскери қызметшілері Маңғыстау облысында 18-24 сәуір аралығында өтетін «Қаратау-2016» тактикалық-саптық жаттығуларға шыққан болатын. Оқу-жаттығуда әскерлердің лаңкестік қауіптерге қарсы біріккен іс-қимылдары пысықталатын болады», - деп түсініктеме беріпті.

Қатысты Мақалалар