Ақтауда қонғалы жатқан ұшақ ұшқышының көзіне лазер түсірілген

/uploads/thumbnail/20170709000701676_small.jpg

Ақтау әуежайына қонғалы жатқан ұшақ ұшқышының көзіне лазер түсірілген, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz– ке сілтеме жасап.

«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ атқарушы директоры Ерғазы Жолдасовтың айтуынша, мұндай оқиға әуежайда екі рет болған. Соңғы оқиға 13 сәуір күні орын алған көрінеді.

Ұшақ қону жолағына түскенде Эйр Астана компаниясына тиесілі КС-313 әуе кемесінің ұшқышы жасыл түсті лазермен көзінің тұмшаланғанын хабарлаған. «Ұшқыштың айтуынша, әуежай сыртындағы даладан түсірілген лазердің әсер ету күші өте жоғары болған. Бұл қауіпті әрекет. Өйткені, лазер түскен соң ұшқыш айналасын бірнеше секундқа дейін бағдарлай алмай қалады. Ұшақтың қону, ұшу сәтінде бұл секундтар өте маңызды. Соған орай, біз әуежай аймағындағы тұрғындардың жақсылап ойлануын сұраймыз», - дейді Ерғазы Жолдасов.

Естеріңізге салсақ, бір жыл бұрын Ақтау әуежайында тағы бір осындай оқиға болған. Онда да Эйр Астана компаниясының ұшағына лазер түсірілген. Әуежай басшылығы полицияға арыз жазғанмен, бұзақы табылмаған көрінеді.

Қатысты Мақалалар