Алматының Ақжар ықшам ауданында екі жүк көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы informburo.kz – ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, жауған жауын салдарынан бетон тасушы көлік бұрылыста екінші жүк көлігіне соқтығысқан. Сырғанаған миксер одан кейін тағы бір жеңіл көлікті соққан.
Миксер жүргізушісі мен жолаушысын жедел жәрдем көлігі алып кеткен.