Павблодардағы АП-162/2 кологиясындағы казиноның криминалдық жұмыс схемасы белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz pavlodarnews.kz –ке сілтеме жасап.
Сот пен тергеу жұмыстары анықтағандай, астыртын орындарды ұйымдастырушы, павлодарлық қылмыс әлемінің серкесі Айтуған Меңдібаев есірткі мен қару-жарақ сату жіне сақтау ісі бойынша үш жылға қамалған Серік Қуатовты сол казиноға "бақылаушы" етіп сайлап қойған. Серік Қуатов өңірде Серік Радио атымен белгілі.
Бірлескен топтың үшінші қатысушысы Бакзар Мағзұмов немесе Бага, 10 жылдан бері қарақшылықпен айналысқан. Ойындар үшін Багага жіберілген төлем жасалғаны анықталған.
Белгілі болғандай, Мағзұмов колониядағы казино басшылығымен 2014 жылдың ақпанынан 2015 жылдың ақпанына дейін табысты жұмыс істеген. Ойындар жатын үй-жайларда бірнеше рет орын ауыстырған.
Ұтыстар сомасы бірнеше миллионнан бірнеше миллионға өсіп, өзгеріп тұрған. Мәселен, өткен жылдың 19 қаңтарында Тұрлықұлов бір ойында 2 500 000 теңге ұтылған»,- деп хабарлайды сот отырысынан.
Казино ұйымдастыруған үш айыпталушы да өздеріне тағылған айыпты «мойындамай», керісінше тергеушілер өздерін ұрып-соққанын айтып шағыпданады. Серік Қуатов Бас прокуратураға, ҰҚК-не және Қазақстан Президентіне хат жазып, өзін мәжбүрлегені үшін хат жазып шағынданбақ.
Бірінші сот отырысының қорытындысы бойынша,жеңілдетілген жазалар тағайындалды.
Меңдібаев жалпы режимдегі колонияда 8 жылға бас бостандығынан айырыллса, Қуатов пен Мағзұмов жеті жылға қатаң режимдегі колонияға үкім шығарылды.
Аппеляциялық сот алқасы Меңдібаевтың мерзімін үш айға қысқартып, үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.