Өскеменде жоғалып кеткен оқушының мәйіті табылды

/uploads/thumbnail/20170709001124351_small.jpg

Өскеменнің Прапорщиково ауылындағы өзі оқитын мектебінен 20 сәуір күні шығып кетіп, үйіне сол күйі оралмаған 14 жастағы Медет Маратовтың мәйіті табылды, -деп хабарлайды Qamshy.kz  порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолғалған баланы іздеген полицейлер бір тәуілктен кейін оның мәйітін тапқан.

«Полицейлер анасының хабарынан кейін бірден баланы іздестіруге кірісті. Шамамен 17:30-да қазан дайындап шығаратын ескі зауыттың маңынан баланың мәйіті табылды. Оның денесінен көптеген пышақ жарақаттары табылды. Бірден «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға жедел түрде тергеліп жатыр. Күдікті іздестірілуде», - деп хабарлады ШҚО Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Медеттің анасы ұлының мектептен ешуақытта ескертусіз кеш қайтпайтынын айтып, дабыл қаққан еді. 

«Мектеп ауласында достарымен футбол ойнайтын күндері ол міндетті түрде кешігетінін ескертіп тұратын», - дейді анасы. Мектептен шыққаннан кейін оның қайда бет алғанын ешкім көрмеген.

Ал, Медеттің сыныптастары оның белгісіз қызыл көліктің жүргізушісімен сабақтан кейін сөйлесіп тұрғанын көрген.

Қатысты Мақалалар