Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев Рио олимпиадасына бармайды. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, – деп хабарлайды Qamshy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Министрдің мәлімдеуінше, Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев Рио олимпиадасына қатыса алмайды. Ауыр атлеттердің бірі 1 жылға, екіншісі 2 жылға спорттан шететіліп отыр.

Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы Олимпиада жеңімпазы атанған спортшыларға берілетін сыйақы көлемі өзгеріссіз қалатындығын атап өтті.
«Бізде үкіметтің бекітілген қаражаты бар. Бірінші орынға 250 мың, екінші орынға 150 мың, үшінші орынға 75 мың доллар беріледі. Бұл нақты үкіметтен бөлінетін қаржы. Мұнан бөлек, өздеріңіз білетіндей, әрбір федерация, облыстар өз деңгейінде спортшыларға құрмет көрсетіп жатады. Менің ойымша, біздің жеңімпаздарға берілетін ақшалай сыйлық дүниежүзіндегі ең көлемді сыйлықтардың бірі», - деді министр.