Қытай азаматынан 300-ге жуық Қазақстан төлқұжатының бланкілері тәркіленді. Олар Алматы аэропортынан ұшайын деп жатқан жерінен ұсталған. "Алматы" өткізу-бақылау пунктінің шекаралық наряды "Алматы-Гонконг" бағытындағы КС-929 рейсін рәсімдеу барысында екі Гонконг азаматын ұстап, олардың қол жүктерінен 291 дана ҚР шетелдік ұлттық төлқұжатының бланкілерін анықтап тәркіледі, олардың 250-і көк түсті болса, 40 данасы күрең қызыл түсті болып шықты, сондай-ақ күрең түсті төлқұжаттың біреуінде фотокарточка мен бағыттық деректер жазылған", - делінген таратылған хабарламада. Сонымен бірге ведомствоның мәліметінше, оларда аталған төлқұжаттармен бірге құжатты түпкілікті дайындап, пайдалануға қажетті бір орам голографикалық лента қоса болған. "ҚР ҚПК 185-бабын басшылыққа ала отырып аталған дерек бойынша материалдар ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментіне жіберілді",- дейді ведомствоның баспасөз қызметі.