Қарағандылық аққұлақ кәрі құтандар сүйектерін сүйретіп, митингке шығыпты. Ойхой, сабаздарым-ай десеңші, Майқұдықтағы стадионға қызыл жалауды иығына қондырған кәрі бәлшебектер "КСРО әлі тірі!!!" - деп айқалапты. Ойпырай-а, бұл бейшараларға не болды-ей! Авитаминоз ба, құс қанатының суылын сезген дертті сана ма? Қызыл үкіметтің артынан қызыл мұрындарын қашан жоғалар екен?! Қазақтың киелі жерін лас табандар әбден қорлады ғой...