Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүркіреп тұрған жапон мемлекеті сөзсіз жеңілгенін мойындап, әскер-қару-жарақтан айырылып, жүні жығылып, халқы да рухани күйзеліске ұшыраған жағдай болды. Сол кездерде есін әуелі жыя бастған зиялы қауым өкілдері: «Қайтеміз? Не істеу керек?» деп, сауалға жауап іздей бастады. Түрлі ойлар ортаға салынды. Сайып келгенде, «біздің түбімізге жеткен жапондық – тіліміз, діліміз» дегенге тірелді. Кейбіреулері «жапон тілін тастап, жеңген елдің тілі – ағылшын тіліне көшейік» дегенге дейін барды. Үкімет комиссиясы құрылып, мәселе жан-жақты зерттеліп, «жапон тілінен бас тартудың қажеті жоқ. Білім-ғылым, техника, технология жетістіктерін қай тілде шықса да, жапон тіліне аударып, игеру керек» деген тұжырым жасалды. Мұның нәтижесі көп ұзамай жапон елін алға шығарды.
Ал, ел аман, жұрт тынышта әупірімдеп аяғын қалт-құлт басып, мемлекеттік тіл дәрежесіне жете алмай келе жатқан қазақ тілін неге құртамыз? Үш тілділік деген – авантюра, қиял. Үкіметте жүрген Дариға, Ерланға «Шамалы-ау, балам, түйсігің»,- деп, ақын айтқан сөзді айтуға тура келеді.
Мақсұт Оразайдың Фейсбуктегі парақшасынан алынды