Веложарыстан Қазақстан чемпионын жүк көлігі қағып өлтірді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709002211460_small.jpg

Жамбыл облысында екі велошабандозды жүк көлігі қағып кетіп, біреуі оқиға орнында жан тапсырды. Ал ауыр жарақат алған екінші спортшы хал үстінде жатыр, - джеп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Жол апаты 22 сәуірде таңғы сағат он шамасында болған. Екі велошабандозды жүк көлігі басып өткен. Біреуі сол жерде тіл тартпай кетсе, екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр.

Белгілісі, спортшылар "Зил" мен "Камаздың" алдында келе жатқан. Кенеттен «Зил» екеуін басып озу үшін қарсы бетке шығып кеткен. Сол сәтте артында келе жатқан «Камаз» тас жолға табандай алмай екі шабандозды қағып өтіпті.

Камаз тас жолдан шығып кетіп, 200 метр жердегі батпаққа батып әзер тоқтаған. Апатқа ұшыраған екі азамат веложарыстан Қазақстанның чемпиондары. Олар жуырда ғана Қызылордадағы жарыстан жеңіспен орлаған екен. Дене қыздыру үшін жолға шыққан кезде апатқа ұшырап отыр.

"Екеуінің жасы 18- де еді. Спорт шеберлері. Болашағынан үлкен үміт күттірген. Олар жолға бізден бұрын шығып кетіп, біз артында келе жатқанбыз. Бірақ жарты жолда доңғалақ жарылып, соны жөндетуге бұрылып кеттік. Сол екі арада осындай жағдай болып отыр", - дейді жаттықтырушы Анатолий Головин.

Жантүршігерлік апаттан тірі қалған Әбілхайыр Көшербаевтың қабырғалары мен қолы сынған. Сондай-ақ, миына қатты зақым келіпті. Ал, 36 жастағы «Камаз» жүргізушісі ішкі істер бөлімінде тергелуде. Әзірге апатқа нақты кім кінәлі екені белгісіз.

Қатысты Мақалалар