Қазақ эстрадасының жұлдыздарының бірқатары әлі тұрмыс құрмаған. Олардың бірқатарымен 31-арнадағы «Жұлдыздар жарқырайды» жобасы сыр шертісіпті.
Гауһар Әлімбекова, әнші:
- Туу, менің осы тұрмысқа шықпағаным бәріне проблема болды.
Расымен де. Әркімнің жеке өмірі - өзінікі емес пе? Бірақ, Әсел Сәдуақасова жеке өмірін емес, ішкі өмірін, жан-дүниесін кино тілімен суреттеді десек, артық емес. 31 жасқа келгенде, 30-дан асқанда тұрмысқа шығу туралы фильмге түсті.
Жұлдыздар Төлегенді күтіп, Қозы қашан келеді деп жүре беруге болмайды дейді. Ал, кешігудің себептері көп қой.
Айқын, әнші:
- Қыздардың талаптары жоғарылап кеткеннен кейін болар, кеш тиіп жатыр.
Әсел Сәдуақасова, әнші, актриса:
- Когда вижу детей, раньше две минуты держать не могла. Сейчас с возрастам старше становлюсь приглядываться.
Осылай деп ағынан жарылған актриса бұрынғыдай жас қыз емес екенін мойындайды. Бүгінде көп ойланып, көп толғанады. Фильмдегі қыздың тағдыры өз өмірінен еш алыс емес.
"Аузы күйген үріп ішеді" демекші актриса бүгінде әр қадамын аңдап басады. Ғашық болып, «сүйдім-күйдім» деген жігітке оңбай алданып, опық жеген актриса бүгінде жалғыз. Тіпті, осыдан 4 жыл бұрынғы оқиғаны есіне алғысы келмейді.
Әсел өзінің осы күнге дейін жалғыз жүргенін махаббат сезімін оятатын жігіттің жоқтығымен байланыстырады.
Әсел Садуақасова, актриса:
- Тут мне кажется должно быть судьба. Должна быть любовь. Планировать замужества очень сложно. И женитьбу. Нельзя так,так 32 я выйду замуж. Так не бывает. Если я встречу достойного человека я пойму что именно он.
Әселдің шоу-бизнесте әсіресе қыздардың тұрмыс құруы аса қиын деген пікірімен әнші Гауһар Әлімбекова да келіседі. Биыл әншінің жасы 45-те.
Гауһар Әлімбекова, әнші:
- Биыл шығамын десем жылда сөйтіп айтып ұят болды халықтан. Құдайдың құлағына шалынсын деп жақсы сөздер айтып жатырмын тегі ілінбей жатыр ғой.
Гауһарда бәрі бар емес пе? Атақты әнші, танымал жұлдыз. Елдің құрметі де ерекше. Бірақ, жас кездегі албырт ой, өнерге деген махаббат бүгінгі әттеген-айға соқтырарын кім білген? Енді ән шығарғанмен, ол тақырыпты қалжыңға айналдырғанмен, бәрі бола кете ме?
Гаухар Әлімбекова, әнші:
- Осы тұрмысқа шықсам өнерім қалып кететіндей болып тұрған шығармын. Сосын шықпаған шығармын. Ал, қазір сенімдімін. Бүгін осы концерттен кейін күйеуге шығып кетсем де өкінбеймін.
Біз де тілекшіміз. Ал, Ғани әнші бауырларына жүректің отын жағамын десең, жүректі болу керек дейді.
Ғани мен Бота:
- Жігіттерге айтар едім, сол оларда қарапайым өздерің сияқты қазақтың қыздары. Сондықтан да батылырақ болыңдар. Қыздарға құрмет көрсетсеңдер, көнбейтін қыз жоқ.
Ондай таза жүректі жігітті Әсел де іздейтін сияқты.
Хош делік, халықтың ерке қызы Мақпал Жүнісова сахналық киімдерін киіп көріп тағы бір рет пысықтап жүр. Әнші ерекше толқыныс үстінде. Себебі, жақында әншінің сахна төрінде жарқырап ән салып жүргеніне 35 жыл толады. Әнші бұл атаулы күнді ел алдында, концерт беріп атап өтпек.
Мақпал Жүнісова, ҚР Халық әртісі:
- Осынша киім тіктіріп жатырмын. Концерті жайында
Мерекелік концертке халық әртісі ерекше дайындалып жатыр.
30 сәуір күні Республика сарайында болатын концертте әншінің "Аңсарым","Сен және мен", "Барасың сен алыстап" және өзге де жаңа әндері орындалмақ. Ал, аптадағы жұлдыздардың жаңалығының ішінде Серікбол Сайлаубек пен МС Сайлаубектің әңгімесі ел аузында. Ерекше би қимылымен талай елдің жүрегін жаулаған әнші Серікбол жақында қызық оқиғаға тап болыпты. Қытайдың Үрімші қаласында өткен жеке концертінен кейін әншіні белгісіз екі бойжеткен қоршап алған. Абдырап қалған әншіден қыздардың біреуі ұрық -доноры болуын өтініпті. Сөйтсе, әншіні көлік апатынан жазым болған сүйіктісіне ұқсатқан екен. Ал, бүгінде тойлардың көркіне айналған МС Сайлаубек болса, дінге бет бұрып, намаз оқуды қолға алыпты. Түсініксіз тілде ән орындайтын рэпер еліміздің қасиетті орындарына тәуап етіп жүр.