Алматыда 753 жер телімі бос жатыр

/uploads/thumbnail/20170709002231695_small.gif

Алматы қаласында 2016 жылы кәсіпкерлерді өндіріс алаңдарымен қамтамасыз ету мақсатында жер телімдерін түгендеу шарасы жүргізілді, деп хабарлайды Qamshy.kz.  Бұл туралы Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» орындау бойынша осыған дейін атқарылған істерді қорытындылау бойынша ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында қала әкімі Бауыржан Байбек айтты.

Қорытынды бойынша қалада 753 бос жатқан жер телімдері анықталып, олардың 80 пайызының меншік иелеріне пайдалануына шектеу қойылып отыр. 

 «Алматы қаласында бос жатқан жер жоқ» деген сөзді жиі естиміз. Жер жоқ емес. Баршылық. Алайда оларды анықтап, айналымға енгізу қажет. Алматыда тіпті мақсатсыз қолданылып жатқан ауыл шаруашылық жер телімдері бар екені белгілі болды. Мұндай жерлер алдағы уақытта мәжбүрлі түрде қала меншігіне алып, саудаға шығаруымыз мүмкін. Қазір, қалада жалпы аумағы 329 гектар болатын 107 жер телімінің меншік иелеріне ескерту жіберіліп отыр. Сондай-ақ, бүгінгі таңда қалада жалпы аумағы 88 гектар болатын, жұмысы тоқтап тұрған 116 өндіріс нысандары анықталған. ОСы нысандарда қосымша инфрақұрылым жасауға ақша шығындамай-ақ, жаңа өндіріс көзін ашуға болады.», - деді әкім.

Қатысты Мақалалар