Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екі жыл ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемін 50% арттырады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
«Осы екі жыл ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемі 50% артады. Мысалы, егер І топтағы мүгедек жан 25 мыңның үстінде жәрдемақы алатын болса, 2015-жылдың 1-шілдесінен бастап бұл сома 38 мың теңгеге көтеріледі. Ал, оған тағы да арнайы мемлекеттік жәрдемақылар қосылатынын есептесек, онда ол 40 мың теңге алатын болады», - деді Т.Дүйсенова. Министрдің айтуынша, әлеуметтік төлемдердің көтерілуі екі кезеңде жүзеге асырылады. 2014 жылдың 1 сәуірінде және 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап ұлғаяды.
BAQ.KZ