Астаналықтар 5 күн мерекеде қайда барады?

/uploads/thumbnail/20170708151446967_small.jpg

   Әз-Наурыз  келіп  қалды. Жайма-шуақ көктемнің 5 күнін үкімет мейрам деп белгіледі. Жаңа  жылды ұлан-асыр етіп тойлайтын  біздер  наурызға келгенде тосырқап  қалатынымыз рас.  Себебі, мейрам ұйымдаспаған, шашыраңқы, "жоспарлы" концерттермен ғана шектеліп  қалады.  Ұлттық жаңа  жылымызды "жетімқыздың" тойындай  өткізбей, өз  дәрежесінде тойлау - сіз бен біздің  еркімізде.  Сондықтан,  Астаналықтар үшін мерекелік күндер күнтізбесін  назарларыңызға  ұсынып отырмыз...  

Мереке 21 наурыз күні басталады. Бұл күні сағат 10.00 -16.00 «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда - халықтық серуен, театрландырылған қойылым өтеді. Кешке жақын мерекелік концертке жалғасады деп күтілуде...

Нағыз мереке күні, яғни 22 наурызда Астана қаласының барлық алаңдары жиын, тойға толы болады. Сағат 10.00-16.00 қалалық ескі  алаңда және «Отан қорғаушылар» монументінің алдындағы алаңда халықтық серуен мен мерекелік концерт, ал «Көктал», «Өндіріс», «Пригородный», «Үркер», «Интернациональный» тұрғынүй алаптарында сағат 10.00-14.00 халықтық серуен мен мерекелік концерт өтеді.

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені де өз келушілерін Наурызбен құттықтайды. Мұнда «Наурыз мейрамы» іс-шарасы 10.00 де басталады.

Сағат 11.00 «Думан» ойын-сауық кешенінде мүгедек және жетім балаларға арналған іс-шара өтеді.

Ал,  сағат 16.00 Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстанның өңірлерінен келген шығармашылық ұжымдардың концерті өтеді. Мерекенің шарықтауы сағат 19.00 қалалық алаңдағы мерекелік концерт пен жастарға арналған би кеші болады.

23 наурызда «Қазақстан» ОКЗ сағат 17.00 қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қайырымдылық концертімен ерекшеленбек.

Ал, 24 наурыз күні сағат 19.00 Конгресс-холлға барсаңыз «Алдараспанға», «Қазақстан» ОКЗ бара қалсаңыз, Секен Тұрысбековтің «Ақ жауын» оркестрінің концертіне тура түсесіз.

25 наурызда Конгресс-холлда Перизат Тұрарованың жеке концерті, ал 26 наурызда сағат 19.00 Конгресс-холлда «Нұр сәулем-ай» ансамблінің мерекелік концерті. Конгресс Холл төрі босамайтын құтты шаңырақ екенін осыдан ақ ұға берсеңіз болады.

Бұдан басқа, толып жатқан мерекелер "Хан Шатыр", "Керуен" секілді ойын сауық орталықтарында да өте береді. Біз тек үлкен  үлкен мерекелік шараларға ғана тоқталдық. Астанада күн жылы болса, аспан ашық болса мереке емес жай күндердің өзі керемет өтетінін ескерсек, мұндай мейрам күндері ару қаламыз тіпті жайнап тұрады жеп сендіргіміз келеді. Баршаңызға сәтті демалыс күндер тілеймін, Наурыз құт берекесімен келсін!

Назерке Сұлтанбек,

ҚР Күрес федерациясының баспасөз хатшысы

Қатысты Мақалалар