Су қоймалары қауіп төндіруде

/uploads/thumbnail/20170708151453375_small.jpg

Жамбыл облысының басшылығы өңірдегі су тасқынына қарсы шараларды қатаң бақылауға алды. Бүгінде барлық су қоймалары бойынша судың жиналуы 60-70%-ды құрайды.

«Қазіргі таңда су тасқыны қаупін жою бойынша барлық су қоймалары мен бөгендерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департамент күн сайын ақпарат беріп отырады. Төтенше жағдайды алдын алу мақсатында 9 дана қажетті техника сатып алынды», - делінген хабарламада.

Өңірде биылғы жылдың 6 наурызында «Көктем-2014» оқу-жаттығуы өтті. Бұған Қырғызстан Республикасы Талас облысы бойынша ТЖМ Басқарманың жедел тобы да қатысты. «Биыл облыс бюджетінен 300,9 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл ақша 10 су қоймасы мен бөгенді, сондай-ақ 49 канал мен гидротехникалық жабдықтарды ағымдағы жөндеуден өткізуге жұмсалады. Сонымен бірге, ТЖ-ны жою мен ескертуге облыс бойынша 150,0 млн теңге сомасында қаражат қарастырылды», - деп атап өтілген хабарламада. Хабарланғандай, бүгінде Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің барлық күштері мен құралдары болып қалуы мүмкін су тасқыны қаупін жоюға толығымен дайын. ЖЖМ, инертті және басқа да материалдардың жеткілікті қоры жасалды. Атап өтсек, Жамбыл облысында 117 су қоймасы мен бөген бар.

BNews.kz

 

Қатысты Мақалалар