Қайрат Нұртас сотқа тартылуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708151453673_small.jpg

Қазақ эстрадасының әншісі Қайрат Нұртас «Прайм-Плаза» СОСО маңында болған оқиғаға қатысты сот отырысына келмегені үшін жауапқа тартылатын болады. 

 Белгілі болғандай, ол бұл күні Шымкент қаласында концерт берген екен. Бұл жөнінде әншінің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова мәлім етті. Оның айтуынша, қалалық соттан оған 14 наурызда хабарласқан, алайда билеттердің жартысынан көбі сатылып кеткендіктен концертті тоқтатып, Алматыға келу мүмкін болмапты. «Қазір Қайраттың бос уақыты жоқ, күнде еліміздің әр қаласында концерттері жоспарланған. Сотқа келмегені үшін жауапкершілік туралы бізді ешкім ескерткен жоқ», - деп отыр Г.Айдарбекова. Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы қалалық сотынан Қайрат Нұртас пен «Хабибуллина» ЖК басшысы сотқа құрмет көрсетпегені үшін жауапқа тартылатыны хабарланды. Прокурор 15 күннен кейін сәйкес шара қолданатын болады. http://bnews.kz
 

Қатысты Мақалалар